Бала қуанышы қашан да жүректі де жанды да жылытады. Жүзге ерексіз күлкі мен шатық сыйлайды. Ал өз қуанышымен басқаларды қуантатын бала бақыты әр адамды толғандыруы керек емес пе? Балалық шақ ең таза, кіршіксіз, қисынсыз кезең. «Бақыт деген – менің бала күндерім» деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, балалық әркімнің жадында қызықтармен, шат-шадыман ойын, риясыз күлкімен есте қалады. Ойын баласы үшін ойынынан артық қызық жоқ.
«Балаларды қорғау» күніне орай, Жамбыл облысы бойынша ҚМДБ-ның зекет қорының ұйымдастыруымен «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі» жасөспірімдері мен бүлдіршіндерін қаланы аралатып, облыстық Музей мен орталық «Достық» алаңына серуенге шықты. Жеткіншектер «Атлантида» ойын залында қонақ болып, кафеде тамақтанды.
Күндерін қызықты әрі шаттыққа толы өткізген балдырғандар алғысын айтты.
«Һибаулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі