Балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық қайырлы іс екені баршамызға белгілі. Осы ізгі сала еліміздің дін қызметкерлерінің жұмыс бағыттарының бірі. Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының нұсқауына орай, халықаралық балаларды қорғау күніне сәйкес аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс атқарылды. Нақтылап айтсақ, ауданымызда орналасқан «мүгедек балаларды оңалту педагогикалық-психологиялық бөлімінің» ұйымдастыруымен атаулы мерекеге орай «өнерлі отбасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қатысушылар мүгедек балалар мен олардың отбасы болды. Аталмыш жиынға аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы қатысып, мерекемен құттықтап, орталық оқушыларына, отбасыларына толағай табыс тіледі. Мешіт тарапынан барған қонақ құр қол бармай, мүгедек жандарға өз сыйлықтарын апарды. Әрбір ойын сайысына жеңімпаз оқушыларға сыйлықтар үлестіріліп, орталықтың барлық 90 оқушысына сусын мен тәтті балмұздақ таратылды. Орталық оқушылары бір серпіліп қалды. Орталық жетекшісі, ата-аналар мешіт қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: