Облыстық ақпараттық насихат тобыны Меркі ауданында

Облыстық ақпараттық насихат тобыны Меркі ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін мен дәстүрдің ұлттық қоғамның қалыптасуына маңызы зор екендігін халыққа жеткізу мақсатында бір күндік іс-сапармен келген үгіт-насихат тобы аудан әкімшілігінде бас қосты. Ат басын Меркі ауданында тіреген облыс діни істер басқармасының дін проблемаларын зерттеу орталығының бас маманы Сержан Култаев, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мэлс Ракишев, аудандық «Меркі-ата» мешітінің найб имамы Нұрбек Жанықұлов аудан орталығында орналасқан әскери бөлімде, Кеңес ауылында, аудандық әкімшіліктің кіші залында мәжіліс өткізді. Жиынға ауыл қариялары, жастар, зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары, әскери қызметкерлер қатысты.

Ислам дініне кері әсерін тигізіп жүрген жат ағымдар мен саяси мәселелер туралы сөз қозғалды. Дінге, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік, қоғамның ауызбіршілігі басты жамағатпен өрбіткен әңгіменің дәнекері болды. Дін мен дәстүр, Ислам діні, діни бірлестіктер жайында өзекті сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.

«Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: