Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат жұмыстары жоспарға сәйкес Жамбыл облысында дәріс жүргізуде. Бағдарлама бойынша «Һибатулла Тарази» медресесінде аудан имамдарымен, кейін Жамбыл аудандық әкімшілік ғимаратында жиналыс жасалды.
Аталмыш жиынға «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам университетінің оқытушысы Жасұлан Жүсіпбеков, ҚМДБ-ның жастар ісі жөніндегі Жамбыл облыстық өкілі Ержан Аманбаев, сондай-ақ, құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері және мектептің дінтану мамандары қатысты.
Іс-шарада исламдағы отбасы мәселесі, неке, түрлі діни топтардың түсінігі сынды т.б. қоғамда күрмеулі болып жүрген түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатып, қатысушыларға дәріс оқылды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі











13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

