Жақсылық – адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын жалпы ұғым. Жақсылық пен игілікті іс адамгершіліктің иманның көрінісі. Қайырымды ұрпақ барда – қайырлы болашақ бар.
Халқымыз қашан да қайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген сөзі қашан да бойымызда болуы керек емес пе?
«Мұқтаждарға көмек көрсету асыл істерден» дегендей, Молда Мұхаммеджан мешітінің бас имамы Исатай Оразовтың ұйымдастыруымен «Һибатулла Тарази» мешітінің жамағаты бірлесіп, күміс және алтын алқа иегерлері болған 3 көпбалалы отбасыларға арнап, қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Аталмыш шаңырақтар азық-түлікпен (ұн, күріш, макорон, ет, ас майы, қант, тұз, шәй, т.б.) қамтамасыз етілді.
Игіліктің нысаны болған жанұялар разылығы мен алғысын білдірді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі