Колледж студенттерімен кездесу

Колледж студенттерімен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қалыптасқан дәстүр бойынша аудандық «Қордай» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен бірқатар кездесулер болып өтті. Мәселен, аталмыш мешіттің наиб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы Қордай ауыл шаруашылық колледжінде болып, студент жастармен жүздесті.

Бұл басқосуда «Ислам ынтымақ пен бірлік діні» деген өзекті тақырып қозғалды.Дәуренбек Жандосұлы студент жастарға дәстүрлі ислам дінінің басты құндылықтары жайлы сөз етті. Наиб имам жиналған студенттерге – жастар еліміздің болашағы, басты құндылығымыз екенін айтып, әрқандай діни ағымдардың арбауынан қорғану керектігін, қоғамда болып жатқан құбылыстардан мысал бере отырып, олардың мемлекетіміздің тыныштығына, отбасының берекесіне, жалпы адам санасына тигізіп жатқан кері әсерлері жайлы кеңінен мағұлмат берді. Студенттерге жастар арасында түрлі қылмыстар, ұрлық-зомбылық, арақ-шарап, темекі, зинақорлық секілді кесапат күнәлар тақырыбында уағыз-насихат айтты. Оларды Алланың ақ жолына, зиянды істерден аулақ жүруге шақырды. Ұйымдастырылған кездесуде жастар көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарын дін өкіліне жолдап, өткір әрі өзекті сауалдарға толымды жауаптар алды.

Осы күнгі, аталмыш тақырыптағы келесі кездесу Бетқайнар ауылында орналасқан №7 кәсіптік колледж студентерімен болып өтті. Кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Асқар Зәкіржанұлы Сатылғанов қатысты. Наиб имам А.Сатылғанов «салафизм» идеологиясының дәстүрлі ислам дінінен айырмашылығын түсіндіру, діни экстремизмнің зиянды тұстары туралы, ата-дәстүрімізден алыстап, дін мен дәстүрді қарсы ұғым ретінде қабылдайтын адасқандардың әрекетінің бос әурешілдік екенін нақты мысалдармен атап көрсетті.Сұрақ жауап форматында өткен кездесу, жоғары дәрежеде ашық пікірлерін білдіруімен жалғасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: