Қасиетті Рамазан айына байланысты мәжіліс өтті

Қасиетті Рамазан айына байланысты мәжіліс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мақсатында Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының өткізген жиынында қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі мен құттықтауын жолдап, бас имамдарға жұмыстар жүктеген болатын. Аталмыш жүктелген шараларға байланысты «Һибатулла Тарази» мешіті мәжіліс өткізді.

Жиналыста бас мүфти тапсырған тапсырмалар мен мешіттің өзіндік жоспары талқыланды. Бас имам Данияр қажы Жұмабаев оқу-ағарту ісі, кадр мәселесі, мешіт құжаттарын заңдастыру, жаздық оқушыларға арналған сауат ашу лагері жөнінде тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы мереке айына орай көпшілік, қоғамдық орындарда «Ораза қабыл болсын!», «Рамазан айы құтты болсын!» сынды баннерлер, билбордтар, плакаттар ілу, оразаға қатысты парақшалар, ораза кестелері, бүктемелер тарату; Мүмкіндікке орай қасиетті айдың құрметі үшін рухани кеш ұйымдастыру; Баспасөз мәслихатын өткізіп, уағыздар, құттықтаулар мен мақалалар жариялау; Ауызашар ұйымдастыру; Мешіт, дәретхана тазалықтарын қадағалау; Тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық іс-шараларын жасау; Атқарылған жұмыстарды жариялау, т.б. бас мүфти жүктеген қызметтер ортаға салынды.

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де, кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. Биыл, яғни 2015 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн. Ал шілденің 13-нен 14-не қараған түн Ләйләтул-Қадр, яғни Қадір түні, 17-шілде Ораза айт мейрамына байланысты Айт намазының Тараз қаласында 7-де өтетіндігі айтылды.
Рахым айы – Рамазан баршаңызға сауапты болсын!

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: