Отанды сүю – иманнан

Отанды сүю – иманнан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жастар орталығы» КММ Қарасаз ауылдық округі жастар ісі нұсқаушысының ұйымдастыруымен А. Пушкин орта мектебінде ішкі істер бөлімінің қызметкері А. Мандировпен қатар аудандық орталық мешітінің бас имамы А. Кенжемолдаев ауыл жастарымен кездесті.

Бас қосуда ауылды жерлердегі қылмысқа бармау, сондай-ақ, жастардың неше түрлі діни ағымдардан сақтануы жайы сөз қозғалды. Келген қонақтар жастармен пікір алмасып, шараны ұйымдастырушы М. Телеушов жүргізді.

Алғаш болып орталық мешіттің бас имамы А. Кенжемолдаев сөз алып, келген қонақтарға заманауи ағымдар жайлы түсінік берді. Сонымен қатар жат ағымның жетегінде кетпеуге жастарға ақыл кеңесін айтты. Ал аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері А. Мандиров алып ауыл жастарын қылмыс жасамауға шақырды және қылмыс жасаған жағдайда қандай шаралар қолданатындығына тоқтала кетті. Жастарға әсіресе мектеп оқушыларына заңдылықтар көп айтылып тәртіп бұзбауға шақырды. «Жастар орталығы» КММ жастар ісі нұсқаушысы М.Телеушов: «Жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі сан түрлі саланың жастарға қарай пайда көздерін үйлестіру» – десе, мектеп директорының орынбасары Ж. Сабаншиев жастар осындай жақсы «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда өз мүмкіншілігімізді орынды пайдалана білейік деді.

Жиынға қатысушы жамағат: «Осындай іс-шаралар ауылымызда жиі болса, сонда жаман істердің алдын алған болар едік» – деп пікір білдірді.

«Жастар орталығы» КММ Н. Сейдалиев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: