Мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені. Оның сыртында, мешіт табалдырығын аттаған жан қадамына сауап жазылады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде айтылғандай мешітке келушілердің оң аяғына сауап жазылып, дәрежесі артатын болса, әрбір басқан сол аяғының күнә-кемшіліктері кешіріледі.
Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Қ. Мусаевтың бастамасымен жыл басынан бір қатар күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Көп жылдан бері кезекте тұрған шаруалардың бірі мешіт михрабы мен күмбезін жөндеу болатын. Алланың қалауымен биыл сәтті түсіп, жамағат арасынан демеуші табылып, мешітіміз үлгіге сай жөніне келтірілді. ИншАлла аталмыш Алла үйінде атқарылатын тағы да біраз жұмыстар жоспарпарлануда.
Шу аудандық Төле би мешітінің іс басқарушысы
Ғалым Есіркесінұлы