Үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларының, жастар мен студенттердің діни сауаттылығын арттыру және экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ тапсырысымен «Данияр и К» жеке кәсіпкерлігі мен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының мәжіліс залында аталмыш тақырыпта оқыту-семинары өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы Дін істері басқармасының өкілдері, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері, ЖОО-ның студенттері қатысты.
Жиында Жамбыл өңіріндегі діни ахуалдың жағдайын талдау, конфессияаралық және дінаралық келісімді сақтаудағы дәстүрлі діни құндылықтардың рөлін ашып көрсету; Сонымен бірге, еліміздегі діни экстремизм мен радикализм қауіп-қатеріне қарсы тұрудың ғылыми-идеологиялық тәсілдерін насихаттау; Семинарға қатысушыларлар дінді ұстануда адамзатты бейбіт қатар өмір сүруге шақыратын дәстүрлі діни құндылықтарды басшылыққа алуға баса назар аудару; Мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктерді діни экстремизм мен радикализм көріністерінің алдын алуда және Қазақстандағы конфессияаралық пен дінаралық тұрақтылық пен ауызбіршілікті нығайта беруде тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге шақыру мәселелері сөз болды.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Жамбыл облысы бойынша жастар өкілі Ержан Аманбаев «Жастар арасында теріс бағыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардың енуінің алдын-алудың жолдары» тақырыбында, «SANA» оқыту орталығы көшбасшылар мектебінің директоры, «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының Президенті Бауыржан Мәлікұлы «Экстремизм мен терроризмның заңдық анықтамасы мен қоғамға тигізер зияны», Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Маруа Сағынбекқызы Омарова «Тараз қаласының діни ақуылы және олардың сипаттамасы», «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абзал Есенұлы Есіркепов «Дін саласына қатысты мемлекет саясатын іске асырудағы жастар ұйымдарының рөлі» тақырыбында баяндама оқыды. Қатысушы көпшілікпен пікір алмасып, семинар қорытындысы шығарылды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі