Бір күндегі төрт кездесу

Бір күндегі төрт кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай жері шекаралас аймақ екені баршаға мәлім. Осы себептен ауданымызда ірі шекара әскери бөлімі, оншақты шекара заставалары шоғырланған. Шекара заставалары мемлекеттік шекараның маңызды деген аумақтарында орналасқан.

Бір-бірінен қашық орналасып, заставадағы жауынгерлер тәуелсіздіктің басты нышаны мемлекеттік шекараны күзетуде. Аудандық «Қордай» мешітінің мұрындық болуымен, аудандық ішкі саясат және ҚР ҰҚК ШҚ 2038 әскери бөлімінің басшылығының қолдауымен шекара сарбаздарымен «дін және қоғам» атты кездесулер өтті.

Кездесу бір күнде «Ақсу», «Қайнар», «Бетқайнар» және «Қасық» шекара заставаларын қамтыды. Кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Д.Сүйімқұлов, 2038 бөлімінің әскери-әлеуметтік тәрбие жөніндегі аға офицері, майор Б.Байетов, застава қызметкерлері, шекара сарбаздары, офицерлер және олардың отбасылары қатысты. Найб имам Д.Жандосұлы кездесу аясында «Ислам – діні бейбітшілік пен ынтымақ діні» деген тақырыпта ой өрбітіп, Ислам дінінің бейбітшілікті жақтайтын арда құндылықтары жайында сөз қозғады.

Әскерилердің отан үшін аянбай тер төгуінің азматтық борышы екенін жеткізді.Тыңдаушыларға түрлі діни ағымдардың ұстанған бағыттары мен көздеген мақсаттары туралы баяндай келе, әскери қызметшілерді өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, армия арасына діни экстремистік идеяның таралуына жол бермеуге шақырды.Ол үшін өз дінімізді жайлы толық мәлімет алып, діни сауат ашуға насихаттады. Діни әдебиеттерден тек ҚМДБ сараптамасынан өткен кітаптартан, интернет желісінде ҚМДБ ресми сайттарынан ақпарат алуға шақырды.

Сонымен қатар, Д.Жандосұлы тыңдаушылардың көкейлерінде жүрген Ислам жайындағы сауалдарына толыққанды жауап берді.Кездесу соңында 2038 әскери бөлімінің басшылығы найб имамның уақыт бөліп, тұщымды уағыз-насихат жүргізгеніне өз ризалықтарын білдіріп, алғыс айтты. Дін қызметкерлерінің жұмысына толағай табыстар тілеп, әріптестікті одан әрі жалғастырып, осындай кездесулердің жалғасын ойластыруды ұсынды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: