Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының алдына қойған төрт бағыттың бірі қоғамдағы кері тарпа ағымыдармен күресу болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты күшейту мақсатында Шу ауданының бас имамы Қ. Мусаев ауданға қарасты Ақтөбе ауылында «Талды шыбық кезінде түзе» дегендей Қ. Сатбаев атындағы орта мектепте жоғарғы сынып оқушылар арасында теріс ағымға байланысты уағыз, насихат жүргізді. Ол өз сөзінде Ислам – адамзат баласын бірлікке, бейбітшілікке, татулыққа шақыратынын және бірлік бар жерде – береке бар, айтып өтті. Әлемде адам баласы теріс пиғыл ағымдарға білместіктен кіріп адасып жатқандығын айтып, экстремизімнен сақтану жолдарын түсіндірді. Жиын соңында оқушылар тақырыпқа сай әртүрлі сұрақтар қойып тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық Төлеби мешітінің іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы