Табиғат – тіршілік нәрі. Алла Тағаланың адам баласына сый етіп берген несібесі, теңдесіз таусылмас байлығы ол – табиғат. Табиғатты аялау әрбір пенденің адамдық борышы. Осы мақсатта орталық «Һибатулла Тарази» мешіті мешіт төңірегіне тал отырғығу іс-шарасын өткізді. Аталмыш мешіттің жанынан ашылған ұлдар медресесі де тал отырғызу жұмыстарына белсене араласты. 100 шырша, 20 көшет қайың ағышы отырғызылып, жастар бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев басшылық етті.
«Бір тал кессең, он тал ек» – дейді дана халқымыз. Тамыры топыраққа кеткен ағаштар мешіт ауласының сәнін келтіре түскені сөзсіз.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі