Жемқорлыққа қарсы осыдан он жыл бұрын ата заңымызда заң қабылданған еді.Сол заңның орындалу денгейі жыл өткен сайын жаңарып келе жатыр. Жемқорлық індетін тек заң жүзінде емес,рухани кесел болғандықтан руханият тұрғысында емдеу қажет екендігі анық.
Ол үшін жемқорлықты кесел ретінде қабылдайтын саналы мәдениеттті ұрпақ қалыптастырып шығару заман талабы болып тұр.Осы бағытта 2015 жылдың 18 мамыр күні сағат 11;00-де аудан әкімшілігінің мәжіліс залында «ЖАҢАРУ» СЖЖҰҚРҚБ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиналысқа мемлекеттік қызметкерлер,құқық қорғау органдарының өкілдері,білім беру ұйымдарының өкілдері,Әділет және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері,денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері,мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарының өкілдері т.б 150 тарта кісі қатысты.
Жарыс сөздер сөйлеген,өз пікірлерін білдірген бірқатар азаматтар болды.Атап айтсақ,аудандық аурухана бас дәрігері, «Нұр-Отан» партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмашев Сейтхан, «Ақментай» ҚБ төрағасы,ардагер Дүрәліұлы Аманжол,Кәсіпкерлер палатасының Жуалы аудандық филиалының директоры Ұлан Жолдықұлұлы,Аудандық мәслихатының депутаты Күлбахыт Айтқұлова,Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Анар Ахметова,Білім мекемелері кәсіподағының төрайымы Гүлнұр Қадырбек,Аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Мейіржан Төлеуішов,Жуалы ауданының бас имамы Кенжемолдаев Алмас,Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Зиябеков Мақсат, «Жаңару» ҚБ төрағасы Төлендиев Қ.Сыбайлас жемқорлық дамушы мемлекеттерді тоқырауға түсіретін індеті екендігін,Елбасы тапсырмасына орай оны шешу жолында мемлекеттік және мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарының өкілдері белсене жұмыс істеу керектігін,сол арқылы зайырлы да иманды,мәдениетті қоғам қалыптастыру керектігі жан-жақты пікірлердің қорытындысы болды.
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы