Ислам экстремизм мен терроризмге қарсы

Ислам экстремизм мен терроризмге қарсы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам бейбітшілік пен қауіпсіздік діні. Исламды терроризммен тең санау тарихи қателік әрі исламға жасалған ең үлкен қиянат болып табылады. Жалпы террордың ұлты да, діні де жоқ. Сол тұрғыдан мұсылман адамның террорист болуы әсте мүмкін емес.

Ислам дінінің терроризм, экстремизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
Осындай ақиқатты жастарға ұғындыру мақсатында Шу қаласы №40 орта мектебінде атамыш тақырыпта жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті. Аудандық жастар орталығы мен Шу қалалық «Жами» мешітінің бас имамы Қ.Үрпековтың басшылығымен кездесу ұйымдастырып, іс-шарада «Әбу Бәкір» мешітінің молдасы М. Көкірекбаев, аудандық жастар орталығының өкілі және аталған мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Жиында кісі өлтіру түгіл адам баласын ренжіткеннің өзі күнә болып саналаты сынды мәселелер жайында сөз болды. Бейкүнә адамды өлтіру үлкен, ауыр күнә. Олай болса, лаңкестік әрекеттерге барушылардың басым көпшілігі өз саласының тар аясынан шыға алмаған, діни білімі таяз кісілер болады.
Сондықтан да, асыл дініміз Исламның қадірін біліп, ақ пен қараны ажырата білуіміз керек.

Шу қалалық «Жами» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: