Табиғат – тіршілік аясы

Табиғат – тіршілік аясы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған.

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен аудан бойынша имам-молдалар мен жамағат бірігіп, Алла құдіретінің тағы бір көрінісі болған табиғат аясына демалысқа шықты. Қордай ауданының бас имамы Ә. Шалбай жиналған әріптестерімен өз жанұясымен жиналған жамағатқа табиғат аясында уағыз айтты. Жиын тек уағыз-насихатпен шектелмей түрлі спорттық ойындармен жалғасты. Уағыз насихатпен имандары шыңдалса, мұсылмандық әдеп шегінен шықпай, дәстүрлі арқан тартысы, доп тебу тағы басқа қызықты ойындар өткізіліп, жиналған қауым тәндерін шынықтырды.
Жамағатпен имамдар бірлесіп ортақ ас дайындалып, қуырдақ, кәуәп пісірілді. Алла елшісінің (с.ғ.с) хадисінде ортақ ас берекелі әрі дәмді болды демей ме? Міне, осындай іс-шаралар арқылы бір-бірімізге шынайы бауыр болып, алауыздықтың алдын алуды мақсат етілуде. Ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) айтқандай «Мұсылман-мұсылманға бауыр» деген хадисіне кішкентай болса да амал жасалынып, үлкен жоспар іске асты.
Алла ниеттерімізді қабыл еткей!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: