Ай сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша аудандық «Қордай» мешітінде имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті. Ауданның бас имамы Ә. Шалбай өткен айдағы атқарған жұмыстар бойынша ауыл имамдарының есебін тыңдап, мақсатына жетпеген кейбір тапсырмаларды атқаруды тапсырды. Кейбір мәселерді әлі де пысықтау қажеттігіне тоқтала келе, нақты тапсырмаларды бекітті. Сондай-ақ, мешіт қабырғасын тек ҚМДБ сараптамасынан өткен діни әдебиеттермен қамтамасыз ету, белгіленген төрт бағыт бойынша жұмысқа немқұрайлы қарамай белсенді түрде ат салысу, 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру жүктелді. Ә. Шалбай көтерген тағы бір мәселе осы ауданның Масаншы ауылында 23 мамырда өтетін облыстық Құран жарысына дайындық болды. Имамдарға аталмыш іс-шараға белсенділік танытып қатысу жүктеді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі