Қордай ауданының имамдардың жиналысы бүгін де тағы бір бас қосумен толықты. Аудандық әкімшіліктің ұйымдастырыуымен өткен діни кеңестің екінші мәжілісіне ауданымыздың бас имамы Ә. Шалбай, ауыл имам-молдалары, ауыл әкімдері, ақсақалдар және бөлім басшалары қатысса, жиынға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б. Т. Жамангөзөв төрағалық етті. Ә. Шалбай ауданымыздағы діни ахуалы жайлы баяндама жасап, мешіттерді құжаттандыру бойынша ауыл әкімдерінің шешімдері 47 мешітте болса, 5 мешітте жоқ, мемлекеттік жер актісі 46 мешітте бар болса, оның 6 жоқ, техникалық паспорт 36 мешітте бар болса, 16 мешітте жоқ екендігі туралы айтып, осы бағыттағы кейбір түйткілді мәселелерге тоқталып өтті. Құзырлы мекемелердің рұқсатынсыз құрылысы бастылып кеткен мешіт жобалары жайлы сөз қозғап, осы мәселелерді дер кезінде қолға алу қажеттігін айтты. Ә. Шалбай мешіттерді кадрлармен қамтамасыз ету туралы және мешіт қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы жайлы тілге тиек етті. Бас имам қатысушылардың сұрақтарына мардымды жауап беріп, жиналыс қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдеріне, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімдері белгіленді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі