Ислам атын жамылған ағымдар халықтың санасын сарсаңға салып, абдыратып та тастағаны жасырын емес. Осыған орай, жұрттың санасын улаған ағымдардың алдың алу жұмыстары да бей-жай жатқан жоқ. РАНТ жұмысының басты мақсаты да дәстүрлі дініміз туралы кеңінен насихат жүргізіп, жат ағымдардан қоғау, жастарымызға ханафи мәзһабы жайында молынан мағлұмат беру болып табылады.
Осы мақсатты ұран еткен РАНТ мүшелері аудандық «Қаратау» мешітінің жамағатымен кездесіп, Қабылбек Әліпбайұлы уағыз жүргізді. Көпшіліктің көкейіндегі сауалдары ортаға салынып, мардымды жауаптар берілді.
Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі