Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Қайырымдылық керуені» атты акциясы аясында Меркі жерінің жұртшылығы қашанда қол ұшын созудан шет қалмаған.
Осының бір дәлелі: Қарағанды өңірінде табиғат апатынан зардап көрген елді мекендерге қайырымдылық көмек аудандық «Меркі-ата» мешіті «Қолыңнан келсе-ізгілік жаса» атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға ауданға қарасты елді мекендегі «Жақсымбет-ата» , «Жүніс молда», «Қарабала Төре», «Сұрат», «Жарас», «Ар-Рахим» мешіттері де қатысты.
Ізгілік десе жан беретін мейірімді жандар осындай сәтте өздерін көрсетеді екен. Айналдырған 2-3 күнде керекті заттар азық-түлік, ұн, киім-кешектер, қажетті деген бұйымдар 3 тонналық автокеруенмен Қарағанды өңіріне ізгілік сапарға жүріп кетті.
Аллаһ Тағала ізгілік сапарларын қабыл алып, қайырлы болсын!
Аудандық «Меркі-ата» мешіті