Ардақты ардагерлерге құрмет жасалды

Ардақты ардагерлерге құрмет жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.

Бұл күнді соғыста шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер күні, сонымен қатар, ел үшін, егемендік үшін егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген ауылдағы ата-апаларымыздың күні.

Пайғамбарымыз с.а.у. «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы» деп айтқаны хадистерден білеміз. Осы күнге орай Шу ауданына қарасты Бірлікүстем, Жиенбет Жексенбай және Оспанәлі ауылдық мешіттерінде Аудан Бас имамы Қ. Мусаевтың қатысуымен соғыста қайтыс болған ата-бабаларымыздың рухтарына арнап және ауыл қариялары құрметіне кеңінен дастархандар жайылып құран оқылғандығын айтамыз.

Ғалым Есіркесінұлы,

Шу аудандық
Төлеби мешітінің іс басқарушысы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: