Меркі ауданы, үгіт-насихат тобы аудан мектептерінде

Меркі ауданы, үгіт-насихат тобы аудан мектептерінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл жолғы кездесу аудан орталығынан тыс жердегі Екпінді және Ақарал ауылдарындағы орта білім беру мектептерінде болды.
Кездесу ұйымдастырып сұраныс жасаған мектеп басшылары ондағы мақсат мектеп қабырғасындағы жасөспірімдердің алдағы болашағына алаңдаған ұстаздар мен ата-аналардың балаларының дұрыс тәрбие, білім алып, діни мәселеде орын алып жатқан келеңсіз жайлардан аман болу мақсатында.

Кездесуге орталық «Меркі-ата» мешітінің найб имамы Жанықұлов Нұрбек, ішкі саясат бөлімінің мамандары, Қарашай-Балқар диаспорасының төрағасы Жарашуев Нұрлан болды.

Діни мәселе, сұрақ-жауап турасында найб имам сөз қозғап, Ислам дінінің құндылықтары жайлы, адамзаттың асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистеріне тоқталып, Ханафи мазһабы турасында жан-жақты түсініктеме беріп, мазһаб ұстану ынтымақ пен бірліктің кепілі екендігін айтты.
Диаспора төрағасы сөз алып, көп ұлтты Қазақ елінің ынтымақ-бірлігі жайлы өз ойын айтып, еліміздің болашақ жастары айрандай ұйып отырған еліміздің тыныштығын сақтап, әрі қарай жалғастыратын сіздерсіздер, сол себепте жақсы дүнияуи және діни білімді болуларыңыз керек деді.

Осылайша, мұндай кездесулерге жиі сұранысқа ие бола бастады. Әрине оң нәтижесі болғандықтан. Үгіт-насихат тобы келесі кездесуге дайындық үстінде.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: