Қайырымдылықпен қамқорлық дін насихатының көркемдестірілген түрі. Асыл Пайғамбарымыз өзі өмір жолында қайырымдылық арқылы көп кісінің жүрегін жібітіп,дінді түсіндіре білген еді.
Күні кеше осы мақсатпен Тараз қаласындағы «Ықылас-Тараз» қайырымдылық қорынын басшысы Марат Балпықұлы Жуалы ауданы «Толымбайтегі Зиябек» мешітіне келді.Қайырымды жандардың аманатын көмекке мұқтаж болған жандарға жеткізді. Б.Момышұлы ауылы, Көлбастау,Қайрат ауылынан жиналған отызға жуық тұрмысы аз қамтылған отбасыларға киім кешекпен,азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Осы игі шараға себеп болған ізгі азаматтарға,осыны ұйымдастырып жүрген Марат Балпықұлына аудан имамы Кенжемолдаев А Р аудан жұртшылығы атынан өз алғысын білдірді.
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы