Ұлы отан соғысының 70 жылдық жеңіс мерекесі күні мешіт жамағаты, намазхан, соғыс ардагері Муралиев Акбар қарияның ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы ақсақалдың отбасына арнайы барды. Жеңіс күнімен құттықтап, ыйығына шапан жауып, 90-ға келген кәриенің батасын алып қайтты.
Ардагер толқып, көзіне жас алып, ондай алапат соғыс енді елімізде болмасын, аспанымыз ашық, бейбіт заман болып, Қазақстан жерінде тұрып жатқан барлық ұлтқа ынтымақ-бірлік тілеймін. Болашақ жастар аман болсын. Қазақстан елі гүлденіп, әлемде атақ-даңқы арта берсін.-деп ақтай жарылды.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті