Мамыр айының 6 –шы жұлдызында Қасық ауылындағы №23 білім ордасында «Діни экстремизімнің алдын алу» тақырыбында оқушылар мен дін өкілдерінің арасында кездесу өтті.
Аталған кездесу шарасына Қасық ауылдық «Құдайберген» мешітінің имамы Саламат Аманбаев, учаскелік инспектор Аманқұлов Нұргелді , мектеп директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Меруерт Баженова қатысты.Жастар — біздің жарқын болашағымыз. Жастарымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық салт-дәстүрді ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуі, өз туған-туыстарымен отандастарына ілтипат көрсетуі үшін қоғамда адами құндылықтар бірінші орында тұруға тиіс. Бүгінде жастарымыздың, жалпы қоғамның діни сауаттылығы аса маңызды.Жастарға шынайы діни білім болмайынша ақ пен қараны айыру қиынға соғатындығын, олардың білім көкжиегін кеңейтіп, адамгершілік тәрбиеде діни құндылықтарды пайдалану, сондай – ақ ата – аналардың балаларымен тығыз қарым – қатынастың болу керектігін жеткізген ауыл имамы Саламат Аманбаев, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Кездесу барысында бейне роликтер көрсетілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі