Ақпараттық насихат топ мүшелерінің кезекті мәжілісі өтті

Ақпараттық насихат топ мүшелерінің кезекті мәжілісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Һибатулла-Тарази» мешітінде өңірлерде түзету мекемелеріне бекітіліп, жұмыс істеп жатқан имамдардың жиналысы өтті. ЖАНТ-ның жыл басынан бері атқарған жұмыстарына есеп беріліп, жарты жылдық жұмыстарды қорытындылау және жұмыс тиімділігін арттыру мәселелеріне талқылау жасалды. Аталмыш бас қосуда келесі атқарылатын іс-шараларға жауаптылар тағайындалды.

ЖАНТ топ мүшелерімен алдағы уақытта Астана қаласындағы мешіттерде уағыз насихат жұмыстарын жүргізу, «Иман айнасы» бағдарламасына жазбаға түсу, сайттарға сұхбат беру жұмыстары жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, дәстүрлі дініміз – Исламның құндылықтарын дәріптеу, халықтың діни сауатын арттыру, қалың бұқара арасында ҚМДБ-ның әлеуетін арттырып, алға қойған бағыттарымен таныстыру, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын іске асыру, ел арасында деструктивті, жат ағымдардың таралуының алдын алып, ақпараттандыру, отансүйгіштікті, толеранттылықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау мақсатында құрылған топтың Рамазан айының алдында өтетін Кіші төралқа жиналысы күнтізбеге енгізілді.

Һибатулла-Тарази мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: