«Қайырымдылық жасасаң – қайырымын өзің көресің» – дейді дана халқымыз. Қайырымдылық – адамгершілік қасиетінің ең ізгі бастауы. Аз қамтылған қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну сауабы мол іске араласу әрбір адамның азаматтық парызы. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.
Осындай игіліктің бірі ретінде Жамбыл облыстық зекет қоры қайырымдылық іс-шарасын өткізді. 10 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Аталмыш жанұяларға 50 кг ұн, макарон, 10 кг күріш, 5 кг шекер, 5 кг ас майы таратылды. «Бір адам жаққан отқа, мың адам жылынады» дегендей аталмыш іс-шараға жамағат разылығын білдіріп, алғысын айтты.
Һибатулла-Тарази мешітінің баспасөз қызметі