Ардагер аталарымызға тағзым

Ардагер аталарымызға тағзым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүние жүзі тарихында теңдесі жоқ Ұлы Отан соғысының соңғы зеңбірек дүрсілі тынғалы кісі өміріне тұрарлық жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Зұлмат соғыс жылдарындағы жоқшылық пен кедейлікке, қауіпке қарамастан елін жау қолынан азат еткен жаужүрек ерлер ел есінде. Соғысқа аттанған туысы бар үйлер күн сайын қара қағаз алып жатты. Қаншама үйдің оты сөніп, қаншама бала жетім қалды. Неткен қиын заман еді! Осыншама қиындықты бастан кешірген қазағым қазіргі кезде тәуелсіздігін алып, бейбіт өмір сүруде. Сұрапыл соғыс, танкінің дүрсілі басылса да, жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, тоғызыншы мамыр күні көптен күткен жеңіс күнін тойлайтын қазақ халқы жауынгер бабасының бұл ерлігін ешқашан ұмытпауы тиіс! Себебі аты өшкір соғыс нәубетін біз түгілі біздің әкелеріміз де көрген жоқ. Біз қызығын көріп жатқан мамыражай бейбіт өміріміз сол кісілердің көзсіз батырлықтарымен ұрпағы үшін жан аямай шайқасқан ерен ерліктерінің арқасы.Егер сол заманда батыр аталарымыз қорқақтық не жанаярлық танытқанда,біз азат та,мәңгілікке қадам басқан арманшыл ел бола алар ма едік.Сол үшін де шейіт кеткен бабалар рухына тағзым!Сол сұрапыл соғыс наубетін көбіміз кітаптан оқыдық.Немесе кинодан көріп өстік.Сұм соғыс тоқтағалы 70 жылдан астам уақыт өтті.Сол соғысты көзбен көріп,жан жарасын жинаған ардагерлердің қатары да күннен күнге сиреп бара жатыр.Сол соғыс жылдарындағы өрімдей жас жігіттер,қазір тоқсаннан асқан қариялар.Бір жағынан кәрілігі бар ,ауруы қалжыратқан батыр тұлғалы аталарымыз Жуалы ауданында саусақпен санарлықтай қалыпты.Жуалы ауданының бас имамы Кенжемолдаев А өмір сынына қажымаған ардагер батыр аталарымызды хал-жағдайын білу үшін ауыл аралап қайтты.Аталардың үйіне барып,қазақы рәсіммен иықтарына шапан жауып, ҚМДБ-ның атынан ерен ерліктері үшін алғысын білдірді. Алдағы келе жатқан жеңістің 70 жылдық мерекесімен ҚМДБ-ның ұжымының атынан құттықтады.Ардагер аталар жастарға батасын беріп; -Елде енді соғыс атаулы болмасын.-деп тіледі.

Жамбыл облысы
Жуалы ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: