Мұхаммед (с.ғ.с) үмбеті қасиетті айларды жаратушы Йеміз Аллаға ұнамды істермен өткізуде. Біреулер ораза ұстаса, кейбіреулер нәпіл намаздарын көбейтсе, енді біреулер барымен бауырымен бөлісуде. Осы үрдістен қалыс қалмай Қордай жамағатыда ізгі істерді атқаруда. Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен демеушілердің көмегімен дініміздегі құрметті болған айлар құрметіне қайырымдылық жасалды. Жалғыз басты аналарға, аз қамтылған отбасыларға жалпы саны жеті отбасына азық-түлік қапшықтары үлестірілді. Азық-түлік қабшығы 5 кг қант, 5 кг макарон, 5 кг күріш, 5 кг ет және шәймен жасақталды. Қайырымдылық іс-шарасы барысында аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы жиналған отбасыларға асыл дініміздің құндылықтары жайлы және қасиетті айлар турасында уағыз айтты. Көмек алушылар мешіт қызметкерлеріне өз алғыстарын айтып, үй-үйлеріне тарқасты.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі