Үгіт-насихат тобының бұл жолғы сапары аудан әкімінің ішкі-саясат бөлімінің бас маманы Ракишов Мэлс, «Қарабала Төре» мешітінің имамы Абдразақов Азамат бастаған топ Юбилейный ауылындағы №20, 48 мектептердің ұстаз, оқушыларымен жүздесіп қайтты.
Кездесу барысында жасөспірімдердің мына қарбалас өмірде күннен-күнге қай жағынан алсаңызда дамып жатқан замадна келеңсіз жағдайлармен шатаспай, болашаққа тура бағытты көрсетуді кім болсада аңсайтыны анық. Жастардың сұрақтары дін және саяси мәселелер төңірегінде болды.
Діни мәселеде туындаған сұрақтарға «Қарабала Төре» мешітінің имамы Абдразақов Азамат орынды жауап қайтарып отырды. Имам, қазіргі таңдағы әлемді елеңдетіп отырған дініміздің атын жамылып, жантүршігерлік жайға барып жүрген кейбір азаматтардың ісі біздерді де бей-жай қалдырмайды. Менің сіздерге айтарым, адасқан бауырларымыз бұл іске сауатсыздығынан, ара-жігін ажыратпай, ойланбастан баруда. Бұл дертпен қоғам болып күресуіміз керек,-деді. Ислам дінінің адамзат баласының тура жолда болу мақсатындағы діни құндылықтарына тоқталды.
Саяси мәселе турасындағы сұрақтарға ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ракишов Мэлс сұрақ-жауап ұйымдастырып, сұраққа толыққанды жауап берді. Сұрақ-жауап тартымды өтті.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті