Асыл дініміз Исламға еш қатысы жоқ, өзге ағымдардан сақтану жайлы Шу ауданының имамы Қ. Мусаев әсіресе жастармен жоспарлы түрде жұмыс жүргізуде. Міне сәуір айы кірісімен аудан имамы ауыл мектептерін аралап келуде.
Бұл жолы кездесу Шу ауданы Көктебе ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Кездесуге арнайы Ауыл Әкімі , Мектеп директоры ауыл полиция қызметкері катысып отырды
Мұнда «Ислам бағытындағы діни ағымдардың болмыстары мен зияндары» жайында әңгіме өрбіді. Алғаш болып сөз алған Шу аудандық «Төлеби» мешітінің бас имамы Қ.Мусаев жиналған оқушыларға – жастар еліміздің болашағы, басты құндылығымыз екенін айтып, әрқандай діни ағымдардың арбауынан қорғану керектігін, қоғамда болып жатқан құбылыстардан мысал бере отырып, олардың мемлекетіміздің тыныштығына, отбасының берекесіне, жалпы адам санасына тигізіп жатқан кері әсерлері жайлы кеңінен мағұлмат берді.
Кездесу барысында аудан имамы мешіт тарапынан оқушыларға кітапшалар тарқатып берді. Әдеттегідей жиын соңында сұрақтар қойылып тиісті жауаптарын алып жатты.
Ғалым Есіркесінұлы ,
Шу аудандық
Төлеби мешітінің іс басқарушысы.