Жамбыл облысы МКҚБ ММ-нің жеке құрам арасында «Суицидтің алдын-алу» бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында аудандық мамандандырылған күзет бөлімінің ғимаратында аудан имамы Кенжемолдаев Алмас мырзаның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуге аудандық мамандандырылған күзет бөлімінің қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде «Суицид» тақырыбы талқыланды.
Өмір қиыншылығына шыдай алмай, несиесін төлей алмай, күйзеліске ұшырап жүргендер өз-өзіне қол жұмсау арқылы құтылғысы келеді. Алайда діни тұрғыдан бұл жігерсіздік ауыр күнә болып есептеледі. Жан Алланың аманаты, оны Алла керек еткен кезінде денеге жайғастырды, әрі аманат етіп тапсырды. Өзі қажет кезінде ғана алуға оның ғана құқығы бар. Сол үшін де ол аманатқа қиянат ету,ауыр күнә болып есептеледі» - деп аудан имамы түсіндірме берді.
Дөңгелек үстелде әртүрлі сұрақтар қойылды. Кісі жаны күйзелгенде, не істеу керек? Жаман ойлар мазалағанда,қандай дұға оқу керек? Әскері қызметте жүрсең,намаз мойыннан түсе ме? Қарызы бар кісі өз-өзіне қол жұмсаса, қарызы төлемегені үшін де жазаланады ма? Қарызы бар кісінің жаназасы оқылмайды деген де сөз бар ма? Отанды қорғау,ел тыныштығын сақтау жолында қызмет ету Алланың жолы деп түсіндіріледі сол рас па? т.б осы сияқты сұрақтарға жауап берілді.
Дөңгелек үстелде адам өмірінің құны,оның өміріндегі мәні мен мақсаты осылайша бірқатар пікірлердің арқасында өз мәресіне жете түсіндірілді.
Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы.