Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» мешіті және оның бас имамы Данияр қажы Жұмабаевтың бастамасымен жылдан жылға түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, дәстүрлі түрде қолдауға ие болып келеді. Солардың бірі аталмыш тақырыпта жыл сайын көкек айының соңғы сенбісінде өтетін Жамбыл топырағында орналасқан зираттарды тазалау жұмыстары.
Осы сенбілік барысында сәуірдің жиырма төртінші жұлдызы, жұма намазынан кейін Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы дүниеден өткен барша әруақтарға Құран оқып, дұға жасаса, сәуірдің жиырма бесі Тараз шаһарының имам-молдалары және мешіт жамағаты бір ауыздан жиналып, қала маңындағы «Тектұрмас» зиратының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға белсене араласқан жамағат зираттың іші-сыртын ретке келтіріп, жұмыс облысымыздағы басқа да зираттарды тазалаумен жалғасын тапты.
Сондай-ақ, Данияр қажы Жұмабаев жиналған жамағатқа зират әдептері мен тәртіптерін түсіндірді. Сенбілік соңында барлық әруақтарға арнап Құран оқылып, дұға бағышталды.
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі
ҚМДБ-ның тапсырмасының бірі, еліміз бойынша сәуір айының 25-і күні мазаратты тазалау күні болып бекітілген. Аталмыш игі шараға үнемі өзінің үлесін қосып отыратын, аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен, мешіт қызметкерлері мен жамағаттары, жыл сайынғы дәстүрге айналған істі жалғастыра отырып, қабірлердің айналасын тазалау жұмыстарынан бұрын, марқұм болған әруақтарға Құран оқып, дұға жасады.
Жиналған ағайын жасалған дұғадан кейін, зират ішіндегі қоқыстарды жинастырып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Халқымыз дүниеден өткендерді құрметтеуге ерекше көңіл бөлетіндіктен, өз меншігіміздің тазалығына ғана емес, мазарлардың да таза, ұқыпты болуын жадында ұстауға дағдыланып келеді. Тазалық жұмыстары өз жалғасын табуда.
Аудандық «Қордай мешітінің
Баспасөз қызметі
Шу