Оқушылармен кездесу

Оқушылармен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қалыптасқан дәстүр бойынша аудандық «Қордай» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен имани кездесу орын алды. Мәселен, аталмыш мешіттің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы Қордай орталығындағы №47 орта мектеп оқушылармен жүздесті. Бұл басқосуда «Адам өміріндегі діннің рөлі» деген өзекті тақырып қозғалды.Наиб имам, дінтану магистрі Д.Жандосұлы діннің қоғамда алатын орны жайында баяндай келе, халқымыздың дін мен дәстүрді қалай ұйыстырып, өз өмірлерінде шамшырақ етіп ұстанғандығы жайында айтып өтті. Дәстүрге қатысты көптеген мысалдарды аят пен хадис аясында түсіндіріп өтті. Кездесуге қатысқан оқышыларға тәлімді уағыз айтып, иманды болуды, ата-ананы қадірлеуді, жаман әдеттерден аулақ, ұлтжанды азамат болуды және дін атын жамылған теріс ағымдардан сақтануды баса назарда түсіндіріп өтті.

Кездесу соңында наиб имамға оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, сұрақтарға дін маманы жауап берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: