Қасиетті үш ай – Ережеп, Шағбан және Рамазан

Қасиетті үш ай – Ережеп, Шағбан және Рамазан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылмандардың ауыз біршілігін, бауырмалдығын танытып, жүректегі иманға күш беру мақсатында Аллаһ разылығы үшін «Һибатулла-Тарази» медресесінің жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының ұстаздары мен шәкірттерінің ұйымдастыруымен аталмыш тақырыпта отырыс өтті. Іс-шараға осы қаланың ардақты әжелері, аяулы аналары мен ибалы қыздары, сондай-ақ, қаламыздың басқа да қыздар сауат ашу курсының шәкірттері қатысты.

Берекелі ақ дастархан жайылып қана қоймай, ілім алушылардың арнайы бағдарламасы да көпшілікке ұсынылды. Жиын осы курстың Құранға түскен шәкірттері оқыған қасиетті Құранның теңдесіз аяттарымен бастау алса, ұстаздар айтқан уағызбен жалғасын тапты. Қыздарымыз Аллаһқа мадақ өлеңдерін орындап, қасиетті айлар жайында мол мәлімет беріп, сөз сарасы болған поэзиядан жыр шумақтарын шашу етті. Әжелеріміз төрелік еткен «Қыздарымыз келіндікке дайын ба екен?» сынды қызықты ойындар да ойнатылды. Викториналық сұрақ-жауап сайысы жүргізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Саңлақ сахабаларымыздың өмірінен көріністер көрсетіліп жамағаттың жасын бір сығып алса, артынан күлдіру мақсатында көрсетілген қызықты көріністер де шек қалған жоқ.
Разы болып тарасқан әйелдер қауымының көкейлеріне керегін түйіп, имандарына қуат жинағаны сөзсіз.


Қасиетті үш ай баршаңызға мүбәрак болсын!

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: