Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылының халқы жиналып тасаттық жасады. Оған ауыл әкімі Мұрат Тұрарұлы, ауыл халқы, ауыл молдалары және ауданымыздың бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қатысып, келген жұртшылыққа уағыз айтты.
Алла тағала Құран Кәрімде бұйырды: « Ей мұсылмандар барлығыңыз Алла тағалаға тәубе қылсаңыз ғана құтыласыз»,- деді.
Яғни тәубаға келу дегеніміз істеген күнәдан ақталу .Денеміз бен киіміміздегі кірді сумен жуып тазаласақ, ішіміздегі күнә істермен кірлеген жан - дүниемізде тәубә қылу арқылы тазалайды екенбіз.
Алла тағала біздің күнәмізді кешіреді деп күнде ірілі – ұсақты күнәларды істеуден тиылмаса , бұл барып тұрған ең үлкен күнә болып табылады және Алла тағала оның тәубесін қабыл етпес. Бұл туралы Құран Кәрімде («Ниса» сүресі) Алла тағала айтты.
Алла тағала ашықтан ашық айтып ескертіп отыр. Тек қана шын ниетпен еткен тәубе қабыл, ал өлер кезде жан алқымға келгенде еткен тәубе қабыл емес деп. Дана халқымыз «Жас кезде қылған тәубеңіз тасқа басқан таңбадай, өлер кезде еткен тәубеңіз топыраққа салған таңбадай» деп те бекер айтпаған. Себебі құр топыраққа таңба, белгі салсаңыз соққан жел оны ұшырып кетер. Сол себепті қартаяр уақытты күтпей, өлер кезде Алладан кешірім сұрап тәубеге келе салам ғой деген жаңсақ оймен уақытты бекер өткізіп күнә іспен айналысып күнәһар болмайық.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты. «Ей, адамдар, Алла тағалаға тәубе етіңіздер және одан кешірім тілеңіздер. Мен күніне жүз рет тәубе етемін»,-деді.
Құрметті мұсылман бауырлар .
Алла тағаланың біздерге берген қымбат уақытын бостан бос, бекерден бекер күнә істерді істеп өткізбейік.Білмей әстеген күнәларымызға шын ниетпен Алладан жарылқау тілеп тәубеге келейік, ағайын. Әмин.
Әмірбек Әбдіразақ