Қоғамдағы орын алып отырған діни-ахуалдық мәселелер, экстремистік және террористік бағыттағы ислам дінін жамылған радикалдық ағымдардың арбауына түспеу жолдарын тусіндіру мақсатында «Тараз Жастар орталығы» мекемесіне қарасты «Арай» аула клубының ұйымдастыруымен, «Тараз-Ғасыр» колледжінің студенттерімен аталмыш тақырыпта «Һибатулла-Тарази» орталық мешітінің наиб-имамы Е.М.Аманбаевпен кездесу өтті.
Кездесуге осы клубының жетекшілері, ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі Г. Байменова, «Тараз-Ғасыр» колледжінің мұғалімдері мен жасөспірімдері, шамамен 70-ке жуық адам қатысты.
«Һибатулла - Тарази» орталық мешітінің наиб-имамы Е.М.Аманбаев ислам дінінің рухани қуаты, ғасырлармен шыңдалған адамгершілік қағидалары жайлы түсіндіріп, ел бірлігі мен адамдар татулығының, әсіресе жастардың рухани, моральдық тәрбиесінің қайнар көзі болып табылатындығын айтып өтті.
Кездесу соңында колледж студенттері Е.М.Аманбаевқа өз көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, мардымды жауаптар алды.
Һибатулла-Тарази мешітінің баспасөз қызметі