Көктемнің шуақты күндерінде салауатты өмір салты бағдарламасын насихаттау мақсатында Тараз қалалық «Құлбай-баба» мешітінің артындағы алаңқайда мешіт имамы Талғат Асанұлының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында спорттық жарыс өткізілді.
Онда футбол, турникке тартылу, т.б ойындар жүргізілді.
Осы жарысты пайдалана отырып, балаларға имандылық тәрбиесі жайында біраз уағыздар айтылды.
Осындай іс-шара мешітімізде жиі өткізіліп тұратын болады.
«Құлбай-баба» мешітінің баспасөз қызметі