Полиция қызметкерлерімен кездесу өтті

Полиция қызметкерлерімен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты мамандырылған күзет қызмет басқармасы ММ-нің жеке құраммен «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге полиция қызметкерлері, аудандық ІІБ басшылығы және арнайы түрде аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы қатысты.

Д.Жандосұлы құқық қорғау қызметі өте жауапты, маңызды мамандық екенін, осы мамандық иелеріне байланысты көптеген жауапкершіліктер жүктелгенінін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі елеулі еңбектеріне алғыс айтып сөз басын бастады. Сөзін жалғастыра келе суицидтің жалпы шыққан тарихы, термин болып қалыптасуы, түрлерге бөлінуі және ол дерттің алдын алу туралы толықтай мағлұмат берді. Наиб имам Д.Жандосұлы Ислам дінінің суицидтке деген көзқарасы, ол іс әрекеттің үлкен күнә және де қиын жағдайға тап болған кезде қол сілтемей, мықты жігерлік ұстану қажет екенін айта отырып, әрбір ауырлықтан кейін Алла Тағала бір жеңілдік беретінін еске салып, мұсылман адам өмірден күдер үзбей, үмітін жалғастыра алдыға қарай қадам басуы қажеттігін жеткізді.

Кездесу соныңда түрлі сұрақтар қойылып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. ІІБ басшылығы Д.Жандосұлына келелі сұхбат үшін өз разылықтарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: