Шу аудандық мешітте Ережеп айының құрметіне ауыз ашар берілді

Шу аудандық мешітте Ережеп айының құрметіне ауыз ашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Ережеп айының құрметіне Ережеп айының бірінші күні Шу аудандық Төле би мешітінің асханасында жамағат ішінен ораза ұстаған бауырларға кішігірім ауызашар берілді.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрдайым Ережеп айына аяқ басқан уақытта «О Алла, біздерге Ережеп, Шағбан айларының берекесін беріп, Рамазанға қауыштыра гөр!» – деп дұғада болатын. Мұсылман баласын Рамазан айындағы оразаға дайындайтын, Ережеп пен Шағбан айларының берекесі оның нәпіл оразалары мен ауызашарларында болса керек.
Аудан имамы Қ. Мусаев жиналған жамағатқа Ережеп айының қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айта келе бұндай іс-шаралардың болып тұруы жамағат арасында ынтымақтықты күшейтіп, бауырмалдықты арттырудың бірден-бір жолы,- деді.

Шу аудандық
Төлеби мешітінің іс басқарушысы
Ғалым Есіркесінұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: