Қазақстан тарихындағы ислам дінінің ролі туралы баяндалды

Қазақстан тарихындағы ислам дінінің ролі туралы баяндалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тайдырмаған тағасын, жыртқызбаған жағасын рухы биік, намысы өр қазақ халқы ата-баба тарихын қашан да қастерлеп, құрметпен қараған. Ел тарихына үңілгенде діннің ролі айрықша екені сөзсіз. Өйткені, қай елдің болмасын дүниетанымы дінмен сабақтас дамып, дінмен қоса өркендеп отырған. Діні жоқ ел болар болса, оның тарихы да болмас еді. Өмірін сеніміне ұштастырған қазақ даласының да тарихы исламмен өркендеп, сол арқылы ішкі-сыртқы жағдайы да түзеліп отырған.

Сонау XIV ғасырда шаңырағын көтерген Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бүгін де М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында атаулы тақырыпта аймақтық тәжірибиелік конференция өтті. Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен бас қосуды облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуов ашты.

Аталмыш іс-шараға «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев бастаған облыс және аудан мешіттерінің имамдары мен дін өкілдері, жоғарғы оқу орындарының дінтанушы профессорлары, қатысты. Пленарлық мәжілісте облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж. Омаров, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Абдуалы «Қазақ хандығы және ислам өркенеті» тақырыбында, облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу Орталығының» дінтанушы-магистрі Е.

Жақыпов, Л. Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Еуразиялық талдаулар» кафедрасының, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Алпысбек «Қазақ жеріндегі исламдық құндылықтар мен жәдігерлер: тарихи қалыптасуы және рухани қызметі», Л. Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Дінтану» кафедрасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Избайров «Қазақ тарихындағы дәстүр мен дін және оның бүгінгі жайы» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ, бейнефильм көрсетілімге ұсынылып, қонақтарға арналған экскурсия жүргізілді.

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: