«Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық колледжінде «Діни терроризм тамыры қайда және оны қалай қырқамыз?» тақырыбында семинар өтті.
Аталмыш семинарға «Һибатулла-Тарази» мешітінің КМДБ-ның жалпы және жастар бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев қатысып, жастармен осы мәселе жайында пікірлесті.
Қазіргі таңдағы басты проблемаға айналған терроризмның шығуы, оның алдын алу туралы мардымды сөз сөйленіп, келешегіміз болған жастарға ғибратты мәліметтер берілді.
Һибатулла-Тарази мешітінің баспасөз қызметі