Ауданда Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы Республикалық ислами бірлестігінің филиалы ретінде тіркелген 28 мешіт бар. Оның 18-і типтік, 10-ы ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Осы мешіттердің жұмыстары туралы алдын ала зерделеу жүргізіліп, ол аудан әкімінің жанында өткен кеңес отырысында қаралды. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімбасшылары, ауылдық округ әкімдері мен ауыл имамдары қатысты.
Жиынды ауданәкімі Батырбек Құлекеев ашып, баяндама жасау үшін алғашқы сөзді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбековке берді.Ол жоғарыда айтылған мешіттердің бүгінгі таңдағы жай-күйіне, округтердегі мешіттердің әрбіріне жеке дара тоқталып, талдаужасап, кем-кетігін баса айтты.
Оданкейін Жетітөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Қойтанов пен Билікөл ауылдық округінің әкімі Талғат Абсалямов қосымша хабарлама жасады. Аудан имамы Алмас Кенжемолдаев өзкезегінде мешіттердің құжаттарын заңдастыруға аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілсе екен деген тілегін жеткізді.
Аудан әкімі Батырбек Құлекеев жиын барысында бір қатар ауылдық округ әкімдері мен мешіт имамдарын көтеріп, мәселенің ақ-қарасын тереңірек зерделеп, кемшіліктерді жоюға бір ай уақыт беріп, жиынды қорытындылады.
М.Құлибаев