ҚМДБ-ның ұйымдастырумен өткен Республикалық имамдар форумында қабылданған төрт құжаттың бірінде уағыз-насихатпен кері тартпа ағымдармен күресу жайлы еді.
Осы бағытты күшейту мақсатында аудан имамы Шу ауданы Қонаев ауылында Төле-би атындағы орта мектебіне барып жоғарғы сынып оқушылар арасында теріс ағымға байланысты уағыз насихат жүргізді.
Жиын басын аталған мектепт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Дүйсенова сөз сөйлеп, сөз кезегін аудандық Төлеби мешітің бас имамы Қ.Мусаевқа берді.
Бас имам өз сөзінде Ислам – адамзат баласын бірлікке, бейбітшілікке, татулыққа шақыратынын және бірлік бар жерде – береке, бейбітшілік бар жерде – тыныштық бар екендігін айтып өтті.
Әлемде адам баласы теріс пиғыл ағымдарға білместіктен кіріп кетіп адасып жатқандығын, одан сақтану жолдарын түсіндіріп және экстремизмге жол бермеу оған кіріп кетпеу жолдарын түсіндірді.
Жиын соңында оқушылар тақырыпқа сай әртүрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ғалым Есіркесінұлы,
Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс басқарушысы.