Елбасымыз ұстанатын мемлекеттік саясатының негізгі бағыты, Отанымыздың тыныштығы, көп ұлтты еліміздің ынтымақ пен бірлігін сақтауда істеліп жатқан шаралардың арқасында халқымыз тыныш өмір кешуде.
Аудандық «Мәдениет үйі» өткен ауқымды жиын осы аталған тақырып негізінде өтті. Жиынға ауданға қарасты ауыл округтарының әкімдері мен ауыл ақсақалдары, белсенді жастары, мекеме басшылары, қызметкерлері, полиция басшылары, имам-молдалар, ұстаздар және зиялы қауым өкілдері, аудандағы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері қатысты.
Тақырып аясында сөз алғандар аудан әкімі Б.Көпбосынов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Иманалиев, ауданның ішкі істер басқармасының басшысы Ережепов Мақсат, ауданның бас имамы Б.Қасымалиев өз баяндамаларын жасап, жастар тәрбиесінің басты назарда болудың, ынтымақ пен бірлік жайында әңгіме өрбітіп, ауқымды жиын көздеген нәтижесінде өтті деуге негіз бар.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті