Аудан имамдарына арналған үш күндік семинар-тренинг өтті

Аудан имамдарына арналған үш күндік семинар-тренинг өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде Жуалы, Байзақ және Жамбыл аудандары имамдарының біліктілігін жетілдіру және құқықтық білімін арттыру бойынша үш күндік оқыту семинар-тренингі өз жұмысын аяқтады.

Семинар-тренингке құрылған бағдарлама бойынша облысымыздың бас имамы Данияр Жұмабаев, облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, облыстық Ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкері Ринат Әбішев, облыс әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы Аян Құрақұлы, ТарМПИ философия және саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушысы, дінтанушы-магистр Таңжарық Тұрғанқұлов және облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» қызметкері, дінтанушы Сержан Пәрімұлы, сонымен қатар облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері мен БАҚ өкілдері дәріс оқыды.

Бұл семинарға үш ауданнан 65-ке жуық имам қатысып, діннің қоғамдық өмірдегі маңыздылығы, қазіргі таңдағы діни ахуалға байланысты имамдардың жан-жақты білімді болуының маңыздылығы, сонымен қатар, соңғы жылдардағы еліміздің діни экстремизм мен терроризмге қатысты заңнамалық актілерінде енгізілген өзгерістер, дін мен дәстүр сабақтастығы, БАҚ беттеріне мақала жазу әдісі және блогерлік жұмыс туралы дәрістерді тыңдауға ниетті екендіктерін жеткізді.

Осы сынды семинарлар облыстық мешітте жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: