Меркі ауданыңдағы ізгі іс шара

Меркі ауданыңдағы ізгі іс шара

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ойтал халқы көптен күткен, Аллаһ тағаланың қалауымен сол үлкен іске себепші болған  Меркі ауданының тумасы Кәденқызы Гүлмағира заманауй үлгіде жаңа мешіт салуға бел байлады.

Кезінде ауыл клубын уақытша мешітке айналдырған халық, бүгінде үлкен іске кіріскелі отыр. Мешіт соғылатын жер, ескі клуб ғимаратының жеріне орналасады. 4-ші сәуір күні алыс-жақындағы ағайындар жиналып, мешіт тұрғызылатын жерді анықтап, қазығын қағып, қуанышқа бөленді. Соңынан іскер азаматша Кәденқызы Гүлмағира жиналған қауымға арнап дастархан жайып, ас берді.

Дастархан басында, аудан имамы Батырбек қажы Құран оқып, дұға жасап, үлкен іске сәттілік тілеп, батасын берді. Содан әрі қарай құттықтау сөздері алыс-жақыннан келген қонақтарға, ауыл әкіміне берілді.

Гүлмағира қарындасымыз сөз алып, жиналған халыққа дән ризашылығын білдіріп, мешіт құрылысы жақын арада басталатынын жеткізді.

Меркі ауданында жетім көрсең-жебей жүр атты акциясы.

Аудандық «Меркі-ата» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық ішкі-істер полиция қызметкерлерін қайырымдылық іс-шараға қатыстыру мақсатында жағдайы төмен 7 отбасына азық-түлік, ет таратылды.

Зарипов Мансур отбасында 6 баланың анасы жол апатынан қайтыс болған. Шиектей жандарды әкесі Мансур өзі тәрбиелеп өсіруде. Барлығы мектеп жасындағы бүлдіршіндер. Бұл жанұяға ерекше қамқорлық жасалды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: