31-шы наурыз күні Шу аудандық Төле би орталық мешітінде Аудан бас имамы Қ.Мусаевтың ұйымдастыруымен ауыл имамдарының кезекті жиналысы өтті.
Күн тәртібінде алғашқы үш ай ішіндегі атқарылған іс-шаралар талқыланды. Жалпы алғанда алғашқы тоқсанда біршама жұмыстар өз деңгейінде атқарылуыда.
Жиналыс барысында Аудан имамы Қ. Мусаев ауыл молдаларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда: қабір басын және мешіттер ауласын тазалау, мешіт құжаттарын рәсімдеу, төрт бағыт бойынша апталық есепті өз деңгейінде атқаруын сол сияқты т.б тапсырмалар жүктеді.
Қортындылай келе ауыл молдалары жүктелген тапсырмаларды орындауға бар күш жігерлерін салатынын айтып қызметеріне кірісті.
Ғалым Есіркесінұлы,
Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс басқарушысы.