Төлеби мешітінде сенбілік өтті

Төлеби мешітінде сенбілік өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Төле би орталық мешітінің бас имамы Қуандық Берікұлының бастамасымен мешіт қызметкерлерімен жамағаттары біріге отырып сенбілік жұмыстары атқарылып өтті. Орталық мешітінің ауласын тазалап, ағаштардың түбін қопсытып, ақтау жұмыстарын жасады.

Қыс мезгілінен қалған жапырақтарын тазалап, қыс бойы шашылған қоқыс қалдықтары тазаланды, табиғатты тазалау-басты міндетіміз. Дана халқымыз: «Таза табиғат – халық байлығы» демекші, өйткені табиғатта тірі организм. Туған өлкеміздің тазалығы кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмауы керек,- деді аудан имамы Мусаев Қ. Себебі Мұсылман баласы салауатты өмір салтын сақтап, әлеуметті өмір сүрудің бір негізі - қоршаған ортаға көңіл бөліп, бай табиғатымызды қорғай білуде. Екі жаһанның сәруары - хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у) адамдар жүретін жолдың үстіне, тынығатын көлеңкелерде, әсіресе жемісті ағаштардың маңайларын ерекше таза ұстауға шақырып, сахабаларға: «Екі түрлі қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Иә, Алланың елшісі! Екі қарғыс алушы дегеніңіз кімдер?» - деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретін жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы, ластаушы, бүлдірушілер» - деу арқылы қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырған.
Осындай сенбілік жұмыстары ауданға қарасты мешіттерде жалғасын табуда.

 Ғалым Есіркесінұлы,

Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс басқарушысы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: