Қазақтың ұлттық мерекесі Наурыз да келіп жетті. Ұлыстың Ұлы күні Мойынқұм ауданындағы Мыңарал ауылында орналасқан «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінде де аталып өтті.
Бұл іс-шара «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітін салушы ағамыз Орақ Піралиұлы демеушілігімен атқарылды,мешіттің молдасы Бейсенбаев Мамыр Шалғынбайұлы жиналған жамағатқа,келген қонақтарға ақ тілегін білдірді.Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Зият Исаев арнайы келіп, жиналған жамағатқа насихат жасады.Ұлттық ойындар ойнатылып,Мыңарал ауылының үлгілі 15 отбасына мерекелік сыйлықтар берілді.Соңында барлық жиналған жамағатқа ақ дастархан жайылып,ас берілді.